Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үй алуға келдім": Меруерт Түсіпбаева Түркия елінен баспаналы болмақ

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева бүгінде Түркияда демалып жатыр. Алайда, өнер иесінің бұл мемлекетке келуінің басты мақсаты мүлдем басқа болып шықты. Эстрада жұлдызы өзге әріптестерінен қалыспай, бауырлас елден үй сатып алуға ниетті екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева Түркия елінен баспана алайын деп жатқанын өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Өнер иесі қуанышты жаңалығымен бірден өз оқырмандарымен бөлісуді жөн көрген.

"Алла жар болсын. Үй алуға келдім" , - деп қысқа қайырды әнші.

Желі қолданушылары шоу-бизнес жұлдызының бұл шешіміне қатысты түрлі пікір білдірді. Бірі оны сынап жатса, тағы бірі өз қолдауын білдірді.

"Тіке айта салды."Үй алуға келдім" ,-деп. Елдер сияқты жұмбақтап миды ашытпады", "Неге бәрі сол жақтан үй салып кетті" , "Жұлдыздар үй сатып алудан марафон бастады ма" , "Жолың болып, қалаған үйіңді алу нәсіп етсін. Саудаң жақсы өтсін. Алдын- ала құтты болсын", "Жарайсың, жалғызбасты ана бола тұра, көптеген еркектің қолынан келмейтін істерді тындырасың", "Бізге де бұйырсын. Берекелі үй болсын" , - деп жазуда көпшілік.

Түсіпбаева Аланиядан баспаналы болып жатқан жалғыз отандық жұлдыз емес. Оған дейін еліміздің бірқатар танымал әртістері бауырлас елден үй сатып алған болатын. Олардың қатарында Алтынай Жорабаева, Қарақат пен Қыдырәлі, Жәния Джуринская және тағы да басқалар бар.

Оған қоса, әнші Ерке Есмахан да өнердегі әріптестерінен қалыспай, алдағы уақытта Түркиядан пәтер алуға ниетті екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1908572-ui-aluga-keldim-meruet-tusipbaeva-turkiya-elinen-baspanaly-bolmaq/

pixel