jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Төрт әйелге рұқсат етілген": Арман Қоңырбаев көп әйел алуға қатысты ойын айтты

    Арман Қоңырбаев
    Фото: Instagram/armankonyr

    Отандық танымал әнші Арман Қоңырбаев жанкүйерлеріне барынша ашылып, оларды қызықтыратын сұрақтарға жауап берді. Өнер иесі тіпті көп әйел алу мәселесіне көзқарасы қандай екенін жасырмай айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Арман Қоңырбаев Instagram желісінде қалың көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдарға ашық түрде жауап берді.

    Желі қолданушылардың бірі әртістен неше баласы болғанын қалайтынын сұрады.

    "Көп бала болғанын қалаймын. Бәрі Алла қалауымен" , - деп қысқа қайырды әнші.

    Сонымен қатар, Қоңырбаев алдағы уақытта Иманбек Зейкеновпен дуэт жазғысы келетінін айтты.

    Оған қоса, Аша Матайдың жолдасы өзі үшін бақыт деген не екенін түсіндіріп, көп әйел алу мәселесіне қатысты ойын ортаға салды.

    "Жақындарымның денсаулығы мен амандығы мен үшін нағыз бақыт. Сонымен қатар, өз-өзіңді дамыту, алға қойған мақсаттарыңа жету, қоршаған ортаға пайдалы болу да бақыт болып табылады.
    Ал көпәйелділік мәселесіне келетін болсақ, бұл әр адамның өз таңдауы. Көзқарасым орынды. Ислам дінінде барлығына бірдей қарасаң төрт әйел алуға рұқсат етілген. Алайда, мен үшін бір әйелмен тұрған артық" , - деді Арман Қоңырбаев.

    Желі қолданушылары өнер иесінің бұл жауабына риза болып, оған өз жылы лебіздерін жарыса білдірді.

    "Жарайсың, әр сұрақты ақылға салып жауап бергенің көрініп тұр" , "Нағыз ер азамат ретінде жауап беріпсің. Сені одан бетер құрметтеймін" , "Жарайсың, өз отбасыңның қорғаны әрі қамқоршысы бол" , - деп жазуда халық.

    "Төрт әйелге рұқсат етілген": Арман Қоңырбаев көп әйел алуға қатысты ойын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.