Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарсымын": Балғынбек Имаш вакцинаны мәжбүрлеп салуға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Балғынбек Имаш
Фото: Instagram/balgynbek_official

Отандық танымал ақын Балғынбек Имаш елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны салу мәселесіне қатысты өз ойын айтты. Өнер иесі елімізде екпені мәжбүрлі түрде салдыртып жатқанын алға тартып, өз жанайқайын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Балғынбек Имаш вакцинаға деген наразылығын өзінің Instagram парақшасында білдірді. Айтыскер ақын індетке қарсы екпеге түбегейлі қарсы екенін ашық айтып, вакцинацияның ерікті түрде өтпей жатқанына шүйлікті.

"Вакцина салдыру ерікті түрде деген бос сөз болғаны ма? Біздің биліктің сөзіне сенуге болмайтын сияқты. "Мектеп директорларын "қамшылау" керек" деген не масқара? Қайдасыңдар, батыр қазақтың ерлері мен қыздары? Елдің көз-жасына қалудан қорқатын басшы қалмаған ба? Мекеме басшылары! Әр түрлі деңгейдегі әкім-қара, шенеунік, директор, ректор, т.б қызметтегі азаматтар! Алланың алдында қол астыларыңдағы әр адамның хақынан сұраласыңдар!

Вакцина алдым деп жаһанға жар салған желідегі жарнамашылар! Не үшін? Ешкім қыстамаса, өтінбесе, сұрамаса, талап етпесе, белгісіз екпені не үшін, кім үшін насихаттап жатырсыңдар? Рамазан айы ғой. Өтірік ақталмаңдар! Алла жүректеріңдегі сырды біледі. Көбің кресло үшін, басшыға жағу үшін салдырдыңдар! Денсаулық үшін емес! Бәріңнің жүректеріңде күмән бар! Көбің тәуекелге бардыңдар.

Өзіңнің артың шыдамады, мақұл. Енді басқаларды зорламасаңдаршы! Маған дайректке жазып жатқандар жетеді. "Амал жоқ, жоғарының бұйрығымен, қоқан-лоққысымен салдыруға мәжбүрміз" дейді. Өз еркімен салдырғандарға қарсы айтарым жоқ. Бірақ, олардың саны аз ғой. Көбі амалсыз салдыруда. Мен екпеге қарсымын! Бүгін "халық жауы" қылсаңдар да осы пікірде қаламын. Қайда менің Ата Заңыммен кепілдік берілген құқығым?" , - деп жазды Балғынбек Имаш.

Сонымен қатар, сөз соңында ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады.

"Мен, сондай-ақ, ЛГБТ-ның насихатына, жеріміздің талан-таражға түсуіне, отбасымның тәрбиесіне қол сұғылуына, діни сенім бостандығыма қол сұғылуына, ұлттық сал-дәстүрімді "ескілік, жабайылық" саналуына, Ана тілімнің тұқыртылуына қарсымын! Бас санитардың шешімі, Денсаулық министрлігінің бұйрығы - Ата заңымдағы құқығымнан жоғары емес! Құрметті, Қасымжомарт Кемелұлы! Сіз мемлекет басшысы ретінде осы елдегі әрбір заңбұзушылықты тиюға, жол бермеуге тиістісіз", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1908820-qarsymyn-balgynbek-imas-vakcinany-mazburlep-saluga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel