Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аяғы ауыр": Жанар Айжанова қызының жүкті екенін растады (видео)

Опубликовано:

Жанар Айжанова қызымен
Фото: Instagram/zhanar_aizhanova

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Жанар Айжанова "Маска" бағдарламасының түсірілімі кезінде қызы Айжұлдыз Адайбекованың аяғы ауыр екенін айтып қойды. Өнер иесі жақында әже атанбақ деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жанар Айжанова "Маска" шоуының кезекті түсірілімі барысында отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісті. Жоба жүргізушісі Жахан Отарғалиев оған көбелек кейпінде ән салған арудың Айжұлдыз болуы мүмкін екенін айтты. Алайда, актриса бұл жайтты бірден жоққа шығарды. Себебі, ол қызын ішінен бірден танып қоятынын алға тартты.

"Менің қызым басқаны жасырса да, қарнын жасыра алмайды. Оның аяғы ауыр. Оны бәрібір біліп қоямын мен" , - деді Жанар Айжанова.

Өнер иесі Айжұлдыздың жақында алғаш рет ана атанатынын айтөан сәті Instagarm желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған.

Желі қолданушылары болашақ ананы бірден құттықтап, оған өз жылы лебіздерін білдірген.

"Құттықтаймыз" , "Айжұлдыз бұл жаңалығымен бөліспеген еді. Анасы бәрін айтып қойды" , "Айжұлдыз сен үшін сондай қуанып отырмын. Аман-есен босанып, сәбиіңді бауырыңы бас" , "Қыран екеуі не болып кетті?" , "Балалы болатынына қарағанда әлі бірге секілді ғой" , "Бақытты бол", - деп жазды көпшілік.

Айта кетейік, Айжұлдыз Адайбекова өткен жылдың жазында сүйіктісі Қыран Талапбекке тұрмысқа шыққан болатын.

Алайда, араға уақыт тастап, желідегілер ерлі-зайыптылардың ажырасып кеткенін болжай бастады. Оған жұбайлардың бірге түскен суреттерін өшіріп, желіде бір-бірін оқымай кеткені себеп болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1909144-ayagy-auyr-zanar-aizanova-qyzynyn-zukti-ekenin-rastady-video/

pixel