Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тұрмысқа шықсам ғана": Меруерт Түсіпбаеваның Түркияға көшетіні қаншалықты рас

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева жақында ғана Түркия елінен баспаналы болайын деп жатқанын хабарлаған болатын. Өнер иесі үй сатып алу үшін арнайы Аланияға жол тартып, ол жерде бірнеше күн болып қайтты. Желі қолданушылары бұл жаңалықты естіген бойда әртістің өзге мемлекетке көшетінін болжап жазып жатты. Алайда, ол бұл қауесеттерді жоққа шығарды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева Қазақстаннан Түркияға қоныс аударайын деп жатқаны туралы қауесеттерге жауап берді. Өнер иесі Instagram парақшасында бұл тақырыпқа қатысты жазба жариялап, елдің болжамын теріске шығарды.

"Достар, басқа мемлекетке өз басым- тек тұрмысқа шықсам ғана көшемін. Сонша күттіріп, кешікпей келем деп ең, мен тұрмын елеңдеумен. Үй алсақ көштік дегеніміз емес. Руставели: "Дос іздемеген адам- өзімен - өзімен жауласқан адам“- деген екен. Аланияда қазақтың мықты қыздарымен танысып, достастым. Бұл танысқан қыздар, әртүрлі себептермен Түркияда тұрып жатыр екен.
Біреуі аурушаң баласының емдетіп ( шипасын берсін!), біреуі - отбасының жағдайымен. Сол ушін, түп себебін білмей, ешкімді сөкпейік. Біз, ежелден, тарыдай шашылған, бауырмал қазақпыз! Қайда жүрсеңдер де- аман болыңдаршы! Рахмет сендерге. Есің барда- еліңді тап! Мен, уйге барайын, иа?! Бала- шаға, анам алаңдап, достарым, студенттерім, күтіп қалды" , - деп жазды Түсіпбаева.

Айта кетейік, бұған дейін Меруерт Түсіпбаева желіде Түркияға арнайы үй сатып алуға келгенін хабарлаған болатын. Әнші өнердегі өзге әріптестерінен қалыспай шетелден баспаналы болуға асықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1909201-turmysqa-syqsam-gana-meruert-tusipbaevanyn-turkiyaga-kosetini-qansalyqty-ras/

pixel