Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұлдыз Әбдікәрімова: Қайрат Нұртастың әйелімін деп айтуға асықпадым

Жарияланған күні:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұрастың жары өзінің он жыл бойы көпшілікке көрінбеуінің себебін ашып түсіндірді. Бұл кезде Жұлдыз Әбдікәрімова үшін ел алдында емес, отбасының ортасында болу әлдеқайда маңыздырақ болған. Ол халық назарынан тыс қалса да, балаларына барынша дұрыс тәрбие беруге тырысқанын алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова өзін Қайрат Нұртастың әйелі деп атауға да аса асықпаған болып шықты. Ол жолдасының мансабына араласпай, он жыл бойы өзін толығымен үй шаруасы мен бала-шағасына арнаған.

"Мен «Қайрат Нұртастың әйелімін» деп айтуға асықпадым. Ел алдында емес, отбасымның ортасында болу маңыздырақ болған соң. Жұртқа бар екенімді дәлелдеуге емес, мендегі барым – балаларымды дұрыс тәрбиелеуге тырысқан соң. Он жыл бойы үнсіз келгенім өз басымды оқшаулағаным емес, түтінімді түзу етуді мақсат тұтқаным деп білерсіздер. Бұл кітапта жазылғанның бәрі де – отыз жастағы Жұлдызға тән ойлар мен сырлар. Балалық. Махаббат. Түйсік. Мейірім. Үнсіздік. Шыдам. Арман. Қарсылас. Жанталас. Арпалыс. Қуаныш. Құпия. Мұң. Қолдау. Түсіну. Талпыну. Бақыт. Отбасы. Беймәлім сәттерімнен, естелік дәптерімнен бір үзік сыр" , - деп жазды Жұлдыз өзінің Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары Әбдікәрімованың бұл жазбасының астына да Қайратт Нұртас пен Гүлзира Айдарбекова туралы сұрастырып жазған. Қалың көпшілік жұлдызды әулеттің ішінде не болып жатқанын біле алмай әлек болуда.

"Әлі татуласпадыңыздар ма?" , "Қайратты бұрынғыдай еркелетші" , "Гүлзира ханым екеуңіз бір-біріңізді салқын құттықтапсыздар. Демек, араларыңызда бір түсініспеушілік орын алғаны рас болып тұр ғой" , "Не болып қалды сіздерге? Елдің көзі тиді" , - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1909356-zuldyz-abdikarimova-qairat-nurtastyn-aielimin-dep-aituga-asyqpadym/