Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Егізі секілді": Өзінен айнымайтын адамды көрсеткен Төреғали елді таңғалдырды (фото)

Опубликовано:

Төреағали Төреәліден айнымайтын жігіт
Фото: Instagram/toregalitoreali

Өзбекстан астанасы Ташкенттен қазақстандық әнші Төреғали Төреәлінің "егізі" табылды. Желі қолданушыларының бірі өнер иесінен айнымайтын туысының суретін жіберіп, әртісті қатты таңғалдырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали Төреәлі желі қолданушысы жіберген хабарламаның фотосымен Instagram парақшасында бөліскен. Өзіне қатты ұқсайтын жігіттің суретіне таңғалған әнші оны өз оқырмандарына да көрсетуді жөн көрген.

"Сәлеметсізбе, Төреғали. Бұл сіздің Ташкентегі егізіңіз. Бұл жігіт менің ігім, Қатты ұқсайды ғой", - деп жазған әртіске.

Желі қолданушылары аталмыш фотоны бірден қызу талқылап, ер адамдардың өзара ұқсастығына қатысты пікір білдірді.

"Қатты ұқсайды ғой. Шынымен туыс емессіздер ме", "Әкеңіз Ташкентте жиі болып па еді", "Бұл егізіңіз бе? Әлде өзіңіз бе", "Ажырата алмайсың да, қатты ұқсайсыздар", "Сізден айнымайды екен", "Ташкентте туыстарыңыз жоқ екеніне сенімдісіз бе? Мына жігіт құдды бір ініңіз секілді", - деп жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1910889-egizi-sekildi-ozinen-ainymaityn-adamdy-korsetken-toregali-eldi-tangaldyrdy-foto/

pixel