RU

"Аленушка": Стилін өзгертіп тастаған Жұлдыз Өмірғалиді жұрт танымай қалды (фото)

Жұлдыз Өмірғали
Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official

Айқын Төлепбергеннің жары стилін түбегейлі өзгертіп тастап, қалың көпшілікті таңғалдырды. Жұлдыз Өмірғали бір сәтте қазақ қызынан орыстың хас сұлуы болып шыққан. Желіде жарияланған әншінің сары шашты фотосы бірден ел талқысына түскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Өмірғали өзінің жаңа образын Instagram парақшасында көрсетті. Фотодан өнер иесінің стиліне айтарлықтай өзгеріс енгізілгенін байқауға болады. Әншінің қолаң шашы сары түске боялып, қара көздері көк болып кеткен.

Желі қолданушылары Айқын Төлепбергеннің келіншегін бірден тани қоймайды. Олар өнер иесін орыс қызбен шатастырып алғандарын жазып, оны қуыршаққа теңеді.

"Аленушка сияқтысың", "Орыстың қызы болып шыға келді. Керемет күтпеген өзгеріс", "Маникеннің басы екен деп қалдым", "Жұлдызды танымай қалдым", "Сізге бұл образ ерекше жарасады екен", "Аленушка, Машенька болып қалдыңыз", "Қазақ қызынан бірден орыс болып шыға кеттің", "Нағыз қуыршақ сияқты", "Сұлулығыңызға шек жоқ. Тірі қуыршақ", - деп жазуда қалың көпшілік.

Алайда, Жұлдыз Өмірғали шын мәнінде мұндай өзгерістерге бармаған болып шықты. Анықталғандай, бұл әншінің "Егіз лебіз" жобасындағы кезекті образы екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1910900-alenuska-stilin-ozgertip-tastagan-zuldyz-omirgalidi-zurt-tanymai-qaldy-foto/