RU

"Ақша адамды түбі өзгертеді": Иманбек су жаңа көлігін көрсетті (фото)

Иманбек Зейкенов
Фото: Instagram/imanbekmusic

Қазақстандық танымал диджей Иманбек Зейкенов жаңа көлік сатып алды. Бұл жаңалығымен өнерпаз желіде өз жанкүйерлерімен бөліскен. Музыкант Mercedes Benz C-классына жататын су жаңа темір тұлпардың иесі атанды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Иманбек Зейкенов жаңа көлігін Instagram парақшасында көрсетті. Жас музыкант су жаңа темір тұлпары мен өзінің сүйікті Lada Priora-сының фотосын жариялап, желідегілерге жаңалығын жеткізген.

Диджей аталмыш суреттің астына қысқаша "+1" деген жазба қалдырған.

Айта кету керек, өнерпаздың екі көлігінің нөмірінде ұқсастық байқалады. Бірі "070 IMA" болса, екіншісі "010 IMA" екен.

Иманбектің белсенді жанкүйерлері оны су жаңа көлігімен бірден құттықтап, өз ақ тілектерін жолдап жатыр.

"Сен үшін қатты қуаныштымыз бауырым. Сен бұл көлікке лайықсың", "Мықты. Еңбектің жемісін көре бер", "Жарайсың, жаңа темір тұлпарың құтты болсын. Жолда сенімді серік болсын", "Иманбек жақсы жаққа қарай өзгеріп жатыр", "Иманбек бір орында тұрмайды. Бұдан бетер мықты көліктер алуға нәсіп етсін", "Бізге жұғысты болсын", "Иманбектің музыкада ғана емес, көлік таңдауда да талғамы жоғары екен", "Бұл әкесіне алған көлік секілді. Қалай болғанда да, сен бұл жетістікке өзің, ешкімнің көмегінсіз ұол жеткіздің, Оншақты көлік сатып алсаң да, сенікі таза еңбек", - деп жазды көпшілік.

Ал кейбір желі қолданушылары Зейкеновке бұрынғы көлігін ештеңеге алмастырмаймын деп айтқан сөздерін есіне салды.

"Приораны" сатып жібермесе болғаны", "Приора әлдеқайда жақсы", "Ештеңеге алмастырмаймын дегенің қайда", "Ақша адамды түбі өзгертеді. Бірден болмаса да, уақыт өте өзгертетіні анық", "Ақша неғұрлым көп болса, қажеттіліктер де көбейе береді", "Бұған дейін "Приораға" қанағат болған адамның бүгінде ақшасы көбейіп, енді Мерседес мініп кетті", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1910908-aqsa-adamdy-tubi-ozgertedi-imanbek-su-zana-koligin-korsetti-foto/