Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қасымда нағыз ер азамат": Мақпал Исабекова сүйіктісі туралы айтып берді

Опубликовано:

Мақпал Исабекова
Фото: Instagram/makosyai

Жақын арада тұрмысқа шығуға дайындалып жатқан әнші Мақпал Исабекова сүйіктісін қалың көпшілікке не себепті көрсетпей жүргенін түсіндірді. Өнер иесі желіде болашақ күйеуі екеуінің бір-біріне жолдаған хабарламаларын жария етіп, ел назарына ұсынды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Исабекова оқырмандарының өтінішін орындап, Instagram парақшасында ғашығымен бірге түскен суретін бөлісті. Алайда, эстрада жұлдызы ер азаматының түрін тағы да жауып қойған. Ол сүйіктісін әлі де көрсетуге дайын емес екенін білдірді.

"Жақсыларым, мен жанымды бір нәрседен қорыққандықтан салмай жүрген жоқпын. Ол мен қызмет ететін саладан мүлдем алыс адам. Менің парақшамда көрінбеу - оның өз қалауы. Мен оның пікірін сыйлаймын. Сол үшін сіздерден де сұрарым, түсіністік танытыңыздар", - деп жазды әнші.
Мақпал Исабекованың жазбасы
Скриншот: Instagram/makosyai

Оған қоса, өнер иесі болашақ жолдасымен қалай танысқанын айтып берді. Қос ғашық сапарда жолыққан екен.

Мақпал Исабекова желіде сүйіктісі екеуінің өзара қалай сөйлесетіндерін де көрсетті. Олар бір-біріне тек махаббатқа толы хабарламалар жолдайтыны бірден байқалады.

Мақпал Исабекованың жазбасы
Скриншот: Instagram/makosyai

Шоу-бизнес жұлдызы соңғы кезде ол тек көйлек киіп жүргісі келетінін айтты.

"Өзімді әйел ретінде сезінсем, демек қасымда нағыз ер азамат деген сөз", - деп жазды Мақпал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1911097-menin-baqytym-maqpal-isabekova-zoldasy-turaly-aityp-berdi/

pixel