Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Туыстарына рахмет айтамын": Әсел Асқар күйеуімен ажырасатынын хабарлады

Опубликовано:

Әсел Асқар жолдасымен
Фото: Instagram/assel.askar

Осыдан бірнеше күн бұрын ғана жолдасынан сыйға "Гелендваген" автокөлігін алған отандық актриса Әсел Асқар онымен ажырасқалы жатқанын айтып, елді таңғалдырды. Өнер иесі жолдары екіге бөлінгенімен, сүйіктісімен жақсы қарым-қатынасты сақтап қалғанын алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әсел Асқар бұл жаңалығын Instagram парақшасында бөліскен.

Актриса желідегі оқырмандарына барынша ашылып, жолдасымен не себепті айырылысып жатқанын айтып берді.

Ол мұндай шешімді қабылдау қиынға соққанын жасырмады. Алайда, орын алып жатқан жайтқа қарамастан, ерлі-зайыптылар бір-біріне деген сыйластықты жоғалтпаған көрінеді. Олар жақсы қарым-қатынасты сақтап қалған.

"Біз Айбек екеуміз айырылыстық. Бұл ел күтпеген мұңды жаңалық болды. Бірақ, бар шындық осы. Біз өз ісіне жауап беретін ересек адамдармыз. Әсіресе, мен. Бұл менің шешімім. Бұл шешімді бірінші болып қабылдадым. Айбек мені қолдады. Бұл адам туралы ешқашан жаман нәрсе айтпаймын дегім келеді. Мен оған асқан махаббатпен қарадым. Оған деген көзқарасым солай болып қала бермек. Мүмкін оның өмірінде реабилитациядан кейінгі кезең орын алған болар. Ол үлкен қиындықтарды басынан өткеруде. Бірақ, мен де тірі адаммын. Оның тарапынан маған қарай үлкен қысым жасалуда. Соғысып, біреумен ұрысып жүргім келмейдә", - деді ол.

Әсель Асқар күйеуімен ажырасуына оның туыстарының пікірі себеп болғанын білдірді.

"Ол маған көп нәрсені үйретті. Мен де біраз дүниені үйреттім деп ойлаймын. Біз бір-бірімізге көп нәрсе бере алдық. Арамызда үлкен махаббат болды. Біз үй шаруасы, төсек қатынасы мен ақшаға қатысты келіспеушіліктер үшін айырылысып жатқан жоқпыз. Бұл біз жайында емес. Оның жақындары мен туыстарына алғыс айтқым келеді. Мүмкін бәрі осылай болу керек пе еді?! Ол материалдық жағынан ғана емес, рухани тұрғыдан да өсті. Мен оны ұрыс-керіссіз жібердім. Оған бақыт тілеймін", - деді актриса.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1911111-onyn-tuystaryna-raxmet-aitamyn-aktrisa-asel-asqar-zoldasymen-azyrasatynyn-xabarlady/

pixel