Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роза Рымбаеваның TikTok видеосы желіні жарды

Опубликовано:

Жұлдыздар ТикТок билеуде
Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал әнші Маржан Арапбаева әлеуметтік желіде түсірген TikTok видеосымен бөлісіп, елді қатты таңғалдырды. Қызығы, аталмыш бейнежазбада ҚазКСР халық әртісі Роза Рымбаева да бой көрсеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

63 жастағы Роза Рымбаеваның алғашқы TikTok видеосы желіні жарып, көпшіліктің көңілінен шықты. Желідегілер өнер иесінің жаңашылдықтардан қорықпай, заманауи трендттерден қалыспайтынына тәнті болған.

Аталмыш бейнежазбаны Маржан Арапбаева Instagram парақшасында жариялап қойған.

"Роза Қуанышқызымен бірге тик-ток түсіреміз деп кім ойлапты? "Несі бар, келіңдер бәріміз бірге түсірейік" дегенде, қуанып кеттік. Олай болса, заманға сай, жастар жақсы көретін тик-токтан қабыл алыңыздар" , - деп жазды әнші.

Роза Рымбаева мен Маржан Арапбаевамен бірге видеода тағы олардың өнердегі әріптестері Айша Байбосынова мен Ардақ Балажанова да бой көрсетті.

Желідегілер жұлдыздардың биін қарап, оларға өз бағасын беріп жатыр. Олардың басым көпшілігі тәнті болып, жылы лебіздерін білдіруде.

"Өте әдемі шыққан, артық ештеңе жоқ", "Қыздар ренжімеңдер. Бірақ, Роза Қуанышқызы бәрінен де жақсы билейді екен", "Розы Рымбаеваға сондай жарасып тұр образы, биі", "Роза Қуанышқызының тәжірибесі мен таланты деген осы", "Өте заманауи әрі керемет. Ұнатпағандар видеоны қарамай өтіп кетіңдер", "Роза Рымбаева келісімін қалай берді екен", "Жақсы көңіл- күй сыйладыңдар", "Роза Қуанышқызы бәрінен де мықты билейді", - деп жазды халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1911200-rozy-rymbaevanyn-tiktok-videosy-zelini-zardy/

pixel