Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сыған қызы секілді": Назима көпшілікке ерекше образын паш етті (фото)

Опубликовано:

Назима
Фото: Instagram/13nazima

Қазақстандық танымал әнші Назима Жәнібекова жанкүйерлеріне жаңа образын көрсетіп, желіде қызу талқыға қалды. Өнер иесін мұндай кейіпте бұрын-соңды көрмеген көпшілік оған қатысты өз ойларымен бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Назима Instagram парақшасында соңғы фотосессиясымен бөлісіп, желідегілерді қатты таңғалдырды. Бұған дейін өзге образдарда бой көрсеткен әнші бұл жолы ерекше стильді таңдаған.

Өнер иесінің мұндай өзгерісі көпшілік арасында қызу талқыланып, толассыз пікірлерге ие болды. Бірі оның жаңа образын сынап жатса, енді бірі керісінше оған аса тәнті болған.

Желі қолданушыларының ойынша, аталмыш фотоларда Назима сыған қызына өте қатты ұқсап қалған.

"Керемет образ, өзіңе жарасып тұр", "Ерекше шыққан. Сені мұндай кейіпте көрген бір қызық екен", "Саған бәрі жарасады Назима", "Сыған қызына ұқсап қалыпсың", "Отсың ғой. Бұл 2021 жылдың тренді болмақ", "Мына образың мінсіз мүсініңді әдемі көрсетіп тұр. Саған кез келген киім жараса кетеді", "Фигураңа сөз жоқ. Не кисең де ерлерді еріксіз түрде өзіңе қаратасың", "Меніңше, бір түрлі. Сәтсіз образ болған секілді", "Маған мына стиль ұнамады", "Кім таңдап берген мынадай киімді", - деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1911333-sygan-qyzy-sekildi-nazima-kopsilikke-erekse-obrazyn-pas-etti-foto/

pixel