Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Волейболшы Сабина Алтынбекова бал айы қалай өтіп жатқанын көрсетті (фото, видео)

Жарияланған күні:

Сабина Алтынбекова жолдасымен
Фото: Instagram/altynbekova_20

Отандық танымал спортшы ару Сабина Алтынбекова жолдасымен бірге бал айына аттанды. Жас жұбайлар бүгінде Мальдив аралдарында естен кетпес демалыс өткізуде. Олар ыстық мекенде қалай демалып жатқандарымен әлеуметтік желіде белсенді түрде бөлісіп жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сабина Алтынбекова тұрмысқа шыққалы Instagram парақшасында асқан белсенділік танытуда. Волейболшы жеке өмірін жасырмай, өз бақытымен қалың көпшілікпен бөлісуді жөн көрген. Бастапқыда жолдасының түрін көрсетпеген спортшы ару бүгінде онымен түскен суреттерін еркін түрде жариялап жүр.

Түрлі фотосессиялар жасап, ел назарын өздеріне аударған жас жұбайлар енді бал айынан көптеген бейнематериалдар жүктеуде. Қазіргі таңда олар Мальдив аралдарында демалып жатыр.

"Өзімізге шағын демалыс ұйымдастыруды шештік. Бұл аяқ асты аттанған сапарымыз болды", - деп жазды Сабина Алтынбекова.

Ерлі-зайыптылар көпшілік үшін арман болған мекендегі демалыстары қалай өтіп жатқанын әлеуметтік желі арқылы көрсетті. Олар оқырмандарының назарына түрлі фото және видеоларды ұсынды.

Желі қолданушылары Сабина мен Саятқа тәнті болып, оларға өз жылы лебіздерін білдірген. Олар жас отбасыға керемет демалыс тілеп, елге аман-есен оралуын жазды.

"Керемет жұп. Екеуің де бір-біріңе сайсыңдар", "Өте жарасымды жұп. Қатты қызығамын сіздерге", "Демалыстарыңыз жақсы өтсін. Көбірек фото мен видеомен бөлісе отырыңыздар", "Мальдив аралдары біз үшін арман ғой. Ол жерді ең болмағанда сіздің арқаңызда желіден көріп қалдық", "Өте әдемі жерде жүр екенсіздер. Жақсы демалып, елге аман-оралыңыздар", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1911346-voleibolsy-sabina-altynbekova-bal-aiy-qalai-otip-zatqanyn-korsetti-foto-video/