Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мәскеудегі ұзату": Қалыңдық болып киінген Бибігүл Ақтан елді ойландырып қойды

Опубликовано:

Бибігүл Ақтан
Фото: Instagram/bibigul_aktan_s

Қазақстандық актриса Бибігүл Ақтан әлеуметтік желіде ақ көйлек киіп алған видеосын жариялап, оқырмандарын қызықтырып қойды. Көпшілік өнер иесінің тұрмысқа шыққалы жатқанын жарыса болжады. Алайда, киножұлдызды аталмыш бейнежазба үшін сынағандар да табылды. Оған әртістің іш киімінің көрініп қалуы себеп болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бибігүл Ақтан қалыңдық образындағы видеосын Instagram парақшасында бөліскен.

"Бұл қалыңдықтың бақытты таңы", - деген жазба қалдырған ол бейнежазба астында.

Актриса жариялаған видеодан оны ғимарат үстінде белгісіз ер адамның күтіп тұрғанын көруге болады. Оны байқаған желі қолданушылары өнер иесін сұрақтың астына алды. Олар Бибігүлдің тұрмысқа шығайын деп жүргенін болжап жазған.

"Тұрмысқа шыққалы жатырсыз ба?", "Недеген әдемілік. Бұған дейін ешкімді ұрлап көрмеппін. Бірақ сені ұрлағым келіп тұр", "Тойға дайындық па?", "Мәскеудегі ұзату ма?", "Адамды қызықтырмай айтсаңшы жағдайдың мәнісін?", "Меніңше, бұл бар болғаны фотосессия", "Тұрмысқа шығайын деп жүрген секілді", - деп жазуда көпшілік.

Алайда, пікір білдірушілер арасында киножұлдызды қатаң сынға алғандар да болды. Олар Бибігүл Ақтанның образы тым ашық болғанына шүйліккен. Әртіс бөліскен бейнежазбада оның іш киімі көрініп қалған.

"Бұтың көрсетудің қажеті не?", "Ұят жағдай, қазақ қыздарына мүлдем сай емес", "Үсті әдемі болып келе жатып, төмен жағы бәрін құртты", "Іш киіміңді көрсетпесе болмайды ма?", "Қалыңдық үшін бұл кішкене ерсілеу екен", "Ұят болып қалды", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1911402-maskeudegi-uzatu-qalyndyq-bolyp-kiingen-bibigul-aqtan-eldi-oilandyryp-qoidy/

pixel