Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Исабекова тұрмысқа шықты (фото)

Опубликовано:

Мақпал Исабекованың некесін қиып жатқан сәті
Фото: Instagram/makosyai

Отандық танымал әнші Мақпал Исабекова тұрмысқа шықты. Бұл туралы өнер иесі өзінің Instagram парақшасында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шоу-бизнес жұлдызы бұл қуанышты жаңалығымен бірден өз жанкүйерлерімен бөліскен. Қос ғашық діни жолмен мешітте некелерін қидырып, желіде бақытты сәтінен фото жариялаған.

"Бүгін, Алла қалауымен қасиетті Рамазан айында біз ерлі-зайыпты атандық. Достар ізгі тілектеріңіз бен құттықтауларыңыз үшін алғыс айтамыз", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары Мақпал Исабекованың таңдауы кімге түскенін біле алмай әлі де әлек болуда. Алайда, өнер иесі жолдасы туралы мәліметтермен бөліспейтінін айтқан болатын.

Мақпал Исабекова жолдасымен
Фото: Instagram/makosyai

Қалың көпшілік жас жұбайларды құттықтап, өз ақ тілектерін жаудырды.

"Құттықтаумыз. Бақыттарың баянды болсын Үлкен отбасы болыңдар", "Шексіз бақыт тілеймін", "Мақпал бұл күн де келіп жетті-ау. Бақытты бол", "Бір жастықта қартаюды нәсіп етсін", "Махаббаттарың шексіз болсын", - деп жазуда халық.
Макпал Исабекова
Скриншот: instagram.com/makosyai

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1911544-maqpal-isabekova-turmysqa-syqty-foto/

pixel