Атақты "Санта-Барбара" телехикаясының жұлдызы өмірден өтті
Жарияланған күні:
Aмерикандық актриса және модель, "Санта Барбара" сериалының жұлдызы Тони Китаин қайтыс болды деп хабарлайды РИА Новости.
Шетелдік БАҚ ұсынған ақпаратқа сәйкес, Китэйн 59 жасында көз жұмған. Бұл ақпаратты өнер иесінің қызы растап отыр.
Әзірге "Санта Барбара" сериалының жұлдызының неден қайтыс болғаны белгісіз.
Айта кетейік, Джулия "Тони" Китейн 1961 жылы Сан-Диегода дүниеге келген. 1980 жылдардың басынан бастап ол көгілдір экраннан жиі көріне бастады. Актриса әрі модель "Малибу" (1983), "Гвендолин" (1984), "Мальчишник" (1984) сияқты фильмдерде ойнаған.
Ол 1984 жылы жарық көрген "Санта-Барбара" телехикаясы арқылы қалың көрермендерге кеңінен танылды. Сонымен қатар, өнер иесін көпшілік Whitesnake тобының бейнебаяндарындағы рөлдері арқылы да біледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1911674-ataqty-santa-barbara-telexikayasynyn-zuldyzy-omirden-otti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.