"Елбасы әнімді тыңдауға келді": Ерке Есмахан Түркістанға не үшін барғанын айтты (фото)
Жарияланған күні:
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан Түркістан қаласына барып, Елбасының алдында өнер көрсеткен. Бұл туралы әншінің өзі желідегі оқырмандарына айтып берді. Өнер иесі Қазақстанның Тұңғыш президентімен қауышқанына риза болғанын жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ерке Есмахан Instagram парақшасында күнделікті өмірінде болып жатқан барлық қызықтарын бөлісуді әдетке айналдырған.
Бұл жолы эстрада жұлдызы көпшілікке Түркістанға баруының себебін түсіндіріп, онда кіммен кездескенін айтты.
Әнші киелі қалада Нұрсұлтан Назарбаевты көріп, оған ән салып бергенін жеткізді. Ол жарқын жүздесуден алған әсерін желіде бөліскен.
Алайда, Ерке Есмахан Түркістанға тек жұмыс бабымен барып, қаланың өзін аралап үлгермегенін алға тартты. Ол келесіде киелі мекенге арнайы ат басын бұрып, қыдыруға баруға уәде етті.
"Киелі Түркістанға ән салуға келдім. Ал Елбасы менің әнімді тыңдауға келіпті. Жүздесіп мәз болып қалдық. Жаңа қаланы аралап үлгермедім. Қыдыру “мәселесіне” алдағы уақытта арнайы келем. Еліміз аман болсын! Барлық қалалар Түркістан сияқты түрлене берсін", - деп жазды Ерке Есмахан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1912060-elbasy-menin-animdi-tyndauga-kelipti-erke-esmaxan-kieli-turkistanga-baryp-qaitty-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.