Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әсел Сағатова Мальдив аралдарындағы демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Әсел Сағатова
Фото: Instagram/asselsagatova

Отандық танымал актриса Әсел Сағатова әлемде орын алған пандемияға қарамастан Мальдив аралдарында демалып қайтуды шешкен. Өнер иесі ыстық мекендегі демалысы қалай өтіп жатқанымен желіде бөлісуде деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әсел Сағатова Мальдив аралдарына ұшып кеткенін Instagram парақшасында хабарлады. Киножұлдыз ыстық мекенге туған күніне қарсы барған. Ол бүгінде отбасымен әлі де дамалысын жалғастырып жатыр.

Әсел Сағатова жаңа жасын Мальдив аралдарында қарсы алып, туған күніне өзіне сыйлық жасаған. Актриса желіде асқан белсенділік танытып, жанкүйерлеріне шетелдегі демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетуде.

Ол жеке парақшасында демалысы кезіндегі фото және видеолармен бөлісті.

Желі қолданушылары өнер иесіне демалысы жақсы өтіп, елге аман-есен оралуын тіледі.

Ал кейбір оқырмандар актрисаны коронавирус тарап жатқан сәтте шетел асып кеткені үшін сынға алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1912114-asel-sagatova-maldiv-araldaryndagy-demalysy-qalai-otip-zatqanyn-korsetti-foto/

pixel