Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дана Нұржігіт COVID-19-ға қарсы вакцинаның екінші дозасын салдырды

Опубликовано:

Дана Нұржігіт
Фото: Instagram/dana_nurzhigit

Сенат депутаты әрі танымал журналист Дана Нұржігіт коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның екінші компонентін алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақпарат өкілі бұл жаңалығымен Instagram парақшасында бөліскен.

"Бүгін 21 күннен кейін "SputnikV" вакцинасының екінші компонентін алдым", - деп хабарлады Дана Нұржігіт.

Желі қолданушылары аталмыш жазбаның астына өз пікірлерін қалдырып жатты. Бірі журналиске денсаулық тілеп жатса, енді бірі екпе туралы сұрақтарын жаудырды.

Оған қоса, вакцинаны салдырып үлгерген оқырмандар өз жағдайларымен бөлісті.

"Қалыңыз қалай? Екінші екпеден соң әлсіреп қалған боларсыз", "Дана менің жасым 70-те, екеуінде алдым, шүкір Аллаға ештеме мазаламады, жағдайым жақсы, қорқудың қажеті жоқ дер едім", "Ем болсын. Жылы киініп, терлеп жіпсіп жүру керек екен. Сонда жеңіл өтесіз. Мен солай істедім.қазір жақсымын", "Ем болсын. Аман болыңыз", "Алла шипасын берсін. Ем болсын", "Көбі бекер қорқып жатыр. Біз отбасымызбен салдырдық. Жағдайымыз жақсы", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1912319-dana-nurzigit-covid-19-ga-qarsy-vakcinanyn-ekinsi-dozasyn-saldyrdy/

pixel