Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлды болды": Әнші Кентал алғаш рет әке атанды

Опубликовано:

Кентал жарымен
Фото: Instagram/kentalkz

Кентал лақап атымен қалың көпшілікке танылған әнші Талғат Кенжеболатов алғаш рет әке атанды. Өнер иесінің жары оған ұл бала сыйлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышы қойнына сыймаған жұлдызды әке бұл жаңалығын бірден Instagram парақшасында жанкүйерлерімен бөліскен. Эстрада жұлдызы көпшіліктен сүйінші сұрап, ұлды болғанын хабарлады.

"Сүйіктім екеумізді құттықтаймын. Біздің ұлымыз қасиетті мейрамның алғашқы күні дүние есігін ашты. Бастысы бұл өмірде адам бол. Бақытты бол. Өмірге қош келдің, балам", - деп жазды Кентал.

Шоу-бизнес жұлдызы баласының жынысын жария еткенімен, әзірге оған қандай ат берілгенін айтпады.

Желі қолданушылары жас жұбайларды алғаш рет ата-ана атануымен құттықтап, кішкентай нәрестеге өз тілектерін жаудырды. Жас жұбайларға жылы лебіздерін білдіргендер арасында жұлдызды тұлғалар да бар. Олар: Қуат Хамитов, Альбина Шардарова, сая Оразғалиева, Жәния Джуринская, Луина, Дильназ Ахмадиева.

"Бауы берік болсын. Үлкен азамат болсын", "Құттықтаймыз. Асыға күткен күн де келіп жетті. Еліне сыйлы, халқына қалаулы жігіт болып өссін", "Керемет жаңалық, алғаш рет әке атануыңмен", "Сәбидің денсаулығы мықты болсын", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1912346-uldy-boldy-ansi-kental-algas-ret-ake-atandy/

pixel