Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Камилла Серікбай "Әлем аруы" байқауында қазақтың ұлттық киімін паш етті

Опубликовано:

Камилла Серікбай
Камилла Серікбай. Видеодан кадр: youtube/Miss Universe

"Әлем аруы" сұлулық байқауына Қазақстан атынан қатысып жатқан Камилла Серікбай подиумға шығып, күллі әлемге қазақтың ұлттық киімін көрсетті. Бойжеткен қызыл және ақ түсті көйлекті таңдаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Байқаудағы ұлттық киімдердің көрсетілімі Miss Universe Youtube-каналында жарияланған. Камилла Серікбай бұл кезеңде өнер көрсетпес бұрын Instagram парақшасында қалың көпшіліктен қолдау сұрады.

Бойжеткеннің желідегі оқырмандары оның бәрінен де сұлу екенін жарыса жазды.

Камилла Серікбайдың подиумға шыққан сәтін 37:30 минутта тамашалай аласыздар.

Айта кетейік, бұған дейін "Қызылорда аруы" атанған Камилла Серікбайдың халықаралық "Әлем аруы" байқауында Қазақстан намысын қорғайтынын хабарлаған болатынбыз.

Бойжеткен бүгінде Сүлейман Демирел атындағы университетте заңгер мамандығы бойынша білім алып жатыр. Қызылордалық ару ағылшын мен түрік тілдерін оқып үйренуде. Оның үстіне, бойжеткен 13 жасынан бері каратэмен айналысатын болып шықты. Сылқым қоңыр белбеуді иеленіп, спорт шеберіне үміткер атанды. Оған қоса, Камила автоматтан жақсы ата алатын болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1912503-kamilla-serikbai-alem-aruy-baiqauynda-qazaqtyn-ulttyq-kiimin-pas-etti-video/

pixel