Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерекше образдағы Жанар Дұғалова елді өзіне қаратты (фото, видео)

Опубликовано:

Жанар Дұғалова
Фото: Instagram/zhanar_dugalova

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Жанар Дұғалова желіде кезекті образдағы суреттерін жариялап, жанкүйерлерін қуантты. Өнер иесінің ерекше киім үлгісі көпшіліктің көңілінен шығып, олардың ыстық ықыластарына ие болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жанар Дұғалова Instagram парақшасында түсірілім алаңындағы фотосы мен видеосын жариялап, барша жұртшылықты тәнті етті. Эстрада жұлдызының ерекше образы бірден көзге түсіп, ел назарын өзіне аудартты.

Желі қолданушылары өнер иесінің жаңашыл кейпіне тамсана қарап, оған өз пікірлерін жаудырды.

"Керемет образ. Жанар әрдайым ел қайталай алмайтын ерекше образдарда бой көрсетеді", "Өнеріңізге де, стиліңізге де тәнтімін", "Қазақ елінің мақтанышы, мына киім мінезіңізді сипаттап тұрғандай", "Өзіңізге жарасып тұр. Қайсар қазақ қызы", "Этно стиль керемет жарасады екен", "Бізді өте мықты дүние күтіп тұрған секілді ғой. Бейнебаян түсірілімі шығар", - деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1912548-erekse-obrazdagy-zanar-dugalova-eldi-ozine-qaratty-foto-video/

pixel