RU

Динара Сәтжан коронавирусқа қарсы вакцина салдырды (фото)

Динара Сәтжан
Фото: Instagram/dinarasatzhan

Отандық танымал тележүргізуші әрі дизайнер Динара Сәтжан коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алды. Ақпарат өкілі екпе салдыруына қатысты желіде әзілдеп, ел арасындағы болжамдарды жоққа шығарды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Динара Сәтжан COVID-19-ға қарсы вакцина салдырғанын өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Тележүргізуші оқырмандарына екпе алу үрдісін түсіндіріп өтіп, оларға есеп берді.

"5G ұстамайды, ештеңе өсіп шыққан жоқ. Антиденелер бітіп қалды. Сол себепті Спутник V екпесінің уақыты да келді. Коронавируспен қайтадан ауырғым келмейді және әрдайым ПТР тапсырудан жалықтым. Екінші вакцинаны 30 маусым күні алатын боламын.
Екпені тікелей эфир кезінде алдым. Ұзын-сонар кезек жоқ. Вакцинаны салдыру үшін емханаға барудың қажеті жоқ. Өте ыңғайлы екен. Екпені тоңазытқышта сақтайды. Барлық жағдай жасалған. 30 минут өткенін күтіп отырмын. Сосын өз жұмыстарыммен айналыса беремін", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1912782-dinara-satzan-koronavirusqa-qarsy-vakcina-saldyrdy-foto/