Ерке Есмаханның аяғы ауыр екені рас па: Әншінің өзі жауап берді
Жарияланған күні:
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан өзінің аяғы ауыр екеніне қатысты қауесетке нүкте қойды. Өнер иесі жүктілігі жайлы ел арасында тарап кеткен ақпаратқа жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ерке Есмахан Instagram желісінде жанкүйерлеріне барынша ашылып, оларды қызықтырған сауалдарға жауап берді. Әнші жүргізген "сұрақ-жауап" барысында өзінің жеке өміріне қатысты бірқатар тың мәліметтермен бөлісті.
Ол тұрмысқа шыққаны мен жүктілігіне қатысты ел арасында тарап кеткен қауесеттерге пікір білдірді.
Эстрада жұлдызы заңды түрде некеге отырмағанын алға тартып, аяғы ауыр екені жайлы ақпаратты жоққа шығарды.
"Тұрмыста емеспін. Неге сұрай бересіздер. Жоқ, аяғым ауыр емес. Алла бұйырған күні", - деп жазды Ерке Есмахан.
Сонымен қатар, өнер иесі бүгінде продюсері жоқ екенін айтты. Ол өзіне-өзі жұмыс істеп жатқанын жеткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1912807-erke-esmaxannyn-ayagy-auyr-ekeni-ras-pa-ansinin-ozi-zauap-berdi/