Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Кентал әйелі мен ұлын перзентханадан шығарып алды (видео)

Опубликовано:

Кентал жарымен
Фото: Instagram/kentalkz

Кентал лақап атымен қалың көпшілікке танылған отандық әнші Талғат Кенжеболатов бірер күн бұрын ғана алғаш рет әке атанды. Бақыттан басы айналған әртіс келіншегі мен ұлын перзентханадан ерекше шығарып алған. Милана мен дүние есігін енді ғана ашқан сәбиді қарсы алуға өнер иесінің жақындары мен достары барған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

34 жастағы Талғат Кенжеболатовтың ұлы 13 мамыр күні өмірге келді. Алғаш рет әке бақытын сезінген эстрада жұлдызы баласына қандай ат қоярын білмей, желідегі оқырмандарынан кмек сұраған.

"Сіздердің көмектеріңіз керек болып жатыр. Жақсы әрі әдемі есімдер ұсыныңыздаршы. Көне қазақи, заманауи қазақи, испаниялық есімдер де жарай береді", - деп жазды әнші.

Әртістің жанкүйерлері бірден оған көмекке келіп, түрлі есімдерді ұсынды.

"Ибрагим", "Кенталхан", "Шәріп", "Рамазан", "Темір", "Хамза-Эмир", - деп жазды көпшілік.

Ақыр соңы Кентал тұңғышына Азамат деген есімді берді. Өнер иесі әйелі мен ұлын перзентханадан шығарып алу үшін нағыз мерекелік шара ұйымдастырған. Оғана ерлі-зайыптылардың жақындары мен достары атсалысқан. Әртіс жарын гүл шоқтарына көмкеріп, баласы екеуін үйіне алып кетті.

Атаулы шара баспасөз өкілдерінің назарынан да тыс қалмады. Жұлдызды жұпты құттықтай келген журналистер олардан сұхбат алып үлгерді.

Кентал перзентханадан келіншегі мен ұлын шығарып алған соң, ет-жақындарына таза ауада дастархан жайып берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1913039-ansi-kental-aieli-men-ulyn-perzentxanadan-sygaryp-aldy-video/

pixel