RU

50 жастағы Наоми Кэмпбелл алғаш рет ана атанды

Наоми Кэмпбелл
Фото: Instagram/naomi

Күллі әлемге танымал британдық сәнбике Наоми Кэмпбелл 50 жасында алғаш рет ана атанды. Бұл қуанышты жаңалығымен ол өзінің Instagram парақшасында бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жаратушының бұл кішкентай сыйы анасы ретінде мені таңдады. Менің өмірімде осы жанның пайда болғанына қатты қуаныштымын. Екеуміздің арамыздағы байланысты сипаттай алатын сөз де жоқ шығар. Бұдан асқан махаббат жоқ", - деп жазды модель.

Желі қолданушылары бірден Наоми Кэмпбеллді құттықтап, сәби екеуіне өз ақ тілектерін жаудырды. Кейбір оқырмандар тіпті жаңа туған нәрестеге ат қоя бастады.

Алайда, 50 жастағы сәнбикенің қалай ана атанғаны белгісіз. Әлемдік жұлдыз отбасылы емес. Оның үстіне ол бұған дейін өзінің жүкті кезіндегі суреттерін жариялаған жоқ. Әйгілі модельдің суррогат ананың көмегіне жүгінді деген болжам бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1913195-50-zastagy-naomi-kempbell-algas-ret-ana-atandy/