Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ренжімеңіздерші": Жазира Байырбекова халықтан не үшін кешірім сұрады

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Жазира Байырбекова желіде қалың көпшіліктен кешірім сұрап, арнайы жазба жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова Instagram парақшасында әншіліктен бөлек өзге кәсіппен айналысып жатқаны үшін өзін сөккен халықтан кешірім сұрады. Өнер иесі басқа бизнесті қолға алуына не себеп болғанын ашық айтты

"Өнерден басқа сұлулық салонымның екіншісін ашып жатқанымыз үшін, киім бутигінің екіншісін ашып жатқанымыз үшін, "Әгугәй" ансамблін құрғанымыз үшін жан-жақты кәсіп жасап жатқанымыз үшін ренжіп жазып жатқандардан кешірім сұраймын. Ренжімеңіздерші.
Алладан ешкімге күнімізді қаратпауын, ешкімнен ешнәрсе сұратпауын сұрап едім. Онда “әншімін” деп қана жүре бермей, еңбек ет. Бастысы ешкімге қиянат жасамай, ісіңде адалдық болсын дегендей болды интуициям", - деп жазды эстрада жұлдызы.

Желі қолданушылары бұл жағдайға байланысты әншіге қолдау білдіріп, оған кәсібі мен шығармашылығында сәттілік тіледі.

"Жұмысыңыздың жемісін көріңіз. Берекелі, хайырлы болсын сізге жұмысыңыз. Сіз жалғыз өзіңіз емес қыздарға да жұмыс беріп жатырсыз. Ондайға адам қуану керек", "Көре алмайтын жандар бүгінде ортамызда көп. Оған мән бермеңіз. Немен және қашан айналыссаңыз да өз еркіңізде", "Не үшін кешірім сұрайсыз. Балаларыңыздың болашағы үшін басқа кәсіппен айналыссаңыз өзіңіз білесіз", "Әншілікпен барлығын қатар алып жүру нағыз ерлік. Жарайсыз. Елдің сөзін тыңдамай, тек қана алға баса беріңіз", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1913204-renzimenizdersi-zazira-baiyrbekova-xalyqtan-ne-usin-kesirim-surady/

pixel