Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сайғақпен суретке түскен Альмира Тұрсынды желіде аяусыз сөгіп тастады (фото)

Опубликовано:

Альмира Тұрсын фотосессия кезінде
Фото: Instagram/almiratursyn

Әйгілі Томиристі сомдаған қазақстандық актриса Альмира Тұрсын желіде халықтың қатаң сынына ұшырады. Өнер иесі сайғақтың баласымен фотосессия жасағаны үшін елден оңбай сөз естіген. Экология министрлігі орын алған шулы оқиғаға қатысты пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Альмира Тұрсын елдің қызу талқысына қалған суреттерді Instagram парақшасында жариялаған.

"Адамның арманы қайталанбас оқиғаларға әкеп соқтырады. Осылайша, Оспан Әлидің ойы барлығымыздың басымызды қосып, кеше MQDQ жобасы үшін керемет түсірілім өттіп", - деп жазды актриса.

Алайда, желі қолданушылары бұл жолы өнер иесінің суреттеріне тәнті бола қоймаған. Керісінше оның жаңа фотосессия ел ашуын тудырып, қатаң сынға ұшыраған.

"Керемет оқиға? Жабайы жануардың қорғаусыз баласын қолына алып, оны фотосессияның реквизиті ретінде қолдану ойға қонымсыз нәрсе. Мен құптамаймын", "Қалай ұялмайсыздар? Қашаңғы осындай пасық әрекеттерге бара бермексіздер?", "Перзентханаға бір-ақ бармадыңдар ма? Жас ананың сәбиін тартып алып, фотосессия жасамадыңдар ма?", "Әлем не болып бара жатыр", - деп жазды желідегілер.

Ғаламтор кеңістігінде шу тудырған оқиғаға қатысты экология министрлігі пікір білдірді. Ведомствоның хабарлауынша, аталған фотосессияға арнайы ресми рұқсат алынған.

"Біз фотосессияға рұқсат беріп, оның өтетін күні мен уақытын келістік. Сонымен қатар, оның барысында жануардың қауіпсіздігі үшін қажет шаралардың барлығының қатаң сақталуын қамтамасыз етілуін талап еттік. Оған қоса, фотосессияда жануарлардың қасында міндетті түрде біздің инспекторлардың болуы шарт болды. Сол себепті барлығы біздің инпекторлардың жіті бақылауымен өтті. Бірде-бір сайғақ зардап шеккен жоқ", - деп жазды министрліктің баспасөз хатшысы Самал Ибраева Facebook парақшасында.

Оған қоса, баспасөз хатшысы мұндай түсірілімдер ресми әрі орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі комитетінің рұқсатымен өтіп жатса, министрлік оларды қолдайтынын алға тартты.

"Талантты жастарымыздың кәсіби жұмыстары арқылы күллі әлем біздің қазақ жерінің сұлулығын көргенін қалаймыз. Халқымыз табиғатты, өсімдіктерді, жануарларды бағалай бастаса дейміз. Мұндай сайғақтарды суреттен көріп, тәнті болып бір сәтке ойланып қалса деген ниет бізде", - деді Ибраева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1913299-saigaqpen-suretke-tusken-almira-tursyndy-zelide-ayausyz-sogip-tastady-foto/

pixel