Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лидия Каденова: Күйеуімнің қайтыс болғанын сахнаға шығар алдында естідім

Опубликовано:

Лидия Каденова
Лидия Каденова. Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал актриса Лидия Каденова марқұм жолдасын есіне алып, оның өлімі туралы бар шындықты айтты. Өнер иесі қаралы хабарды сахнаға шығар алдында естіген. Алайда, қойылымды тоқтатпай, соңына дейін рөлін сомдап шыққан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Лидия Каденова өміріндегі аса ауыр кезең туралы жан сырын "Ең алғашқы" бағдарламасында ақтарған. Актрисаның сөзінше, әлдекімдер қойылым алдында жолдасының қазасын әдейі естірткен.

"Мен сахнаға шығар алдында күйеуімнің қайтыс болғандығы туралы хабар алдым. Кейін естіп жатырмын ол телеграмманы, біреулер әдейі сол сәтте жеткізген болуы мүмкін екен. Бірақ қойылымды тоқтату мүмкін емес еді. Қаншама билеттер сатылып кеткен болатын. Комедия рөлімді тоқтаусыз жылап ойнап шықтым. Қойылым аяқталғаннан кейін көрермен мені түсінбей кетті. Күйеуімнің қатты ауырып жатқанын білсем де, одан айырылу маған оңай болған жоқ", - деді Каденова.

Лидия Қаденова күйеуімен танысқан кезде ол ажырасқандығын ашып айтқан екен.

Сонымен қатар, актриса бүгінде жолдасының достарына әлі де өкпелі екенін жеткізді. Әртіс күйеуі қызметте жүргенде айналасында достарының көп болып, кейін көмекке мұқтаж сәтінде сол қалың достың бірде-біреуінің қасынан табылмағандығына қындылады.

"Мен күйеуімнің достарына әлі күнге өкпелімін. Себебі қызметтен айырылып, жұмыссыз қалған кезде бірде-бір досы қолдан келе тұра көмектеспеді. Ер азаматтың үйде отырып, әйел адамның қолына қарап қалуы қаншалықты ауыр екендігін өздеріңіз ойлап көріңіздерші. Содан ол қатты ауырып қалды. Іштей күйіп кетті, қайта көтеріле алмады", - деп актриса көз жасына ерік берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1913307-lidiya-kadenova-kuieuimnin-qaitys-bolganyn-saxnaga-sygar-aldynda-estidim/

pixel