Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тутамас" хитінің орындаушысы өз әнін қазақ баласына тарту етті (видео)

Опубликовано:

Абзал
Фото: instagram

Қазақстандық жас өнерпаз әлемге әйгілі болған түрік әнін қазақ тілінде орындамақ. Түркияның танымал әншісі Мурат Кекили өзінің төлқұжатына айналған “Bu akşam olurum” (Tutamas) әнін “А-Элит” продюсерлік орталығының әншісі Абзал Тасмұханбетке тарту етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы отандық әнші өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді. Ол желіге түрік әншісінің арнайы құжатқа қол қойып жатқан сәтінен видео жариялап, тыңдарманын қуантып қойды.

"Бір кездері хит болған “Тутамас” (Bu Aksam Olurum) әнінің авторы әрі орындаушысы Мурат Кекилли аталмыш әнді қазақша орындаудың эксклюзивті құқығын маған берді! Бұйыртса қазір әннің мәтіні мен аранжировкасын жазуға кірісіп жатырмыз", - деп жазды Абзал Тасмұханбет.

Репертуарындағы бірнеше әнін өзі жазып, көпшілікке танылып келе жатқан өнерпаз бұл жолы да ерекше стилімен тәнті етпекші.

Естеріңізде болса, Мурат Кекилидің 1999 жылы шығарған “Bu akşam ölürüm” атты альбомы үлкен сұранысқа ие болып, сол уақыттың ең танымал үнтаспасына айналған еді.

Бұл ән тек Түркияда ғана емес, алыс-жақын шетелдерде де хит болды.

2000 жылы аталған ән және альбом Түркияның ең беделді музыкалық марапатын иеленген.

Kral TV Video Music Awards-2000 музыкалық премиясында Мурат Кекили “Жылдың ең үздік рок вокалисты” атағын жеңіп алған.

Абзал Тасмұханбеттің айтуынша, әннің қазақ тіліндегі нұсқасы әдемі махаббат тақырыбында шырқалады. Таяу күндерге түсірілімі жоспарланған клиптің сюжеті де қызық болғалы тұр дейді ол. Көп ұзамай жаңа туынды қалың көрерменге жол тартпақ.

Айта кетерлігі, жақында ғана жас әншінің Стамбул қаласында түсірілген "Қош махаббат" бейнебаяны жарыққа шыққан еді.

Бүгінгі таңда Абзал Тасмұханбеттің бірнеше әні отандық телеарналардан көрсетіліп, YouTube желісінде жақсы қаралым жинап келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1913394-tutamas-xitinin-oryndausysy-oz-anin-qazaq-balasyna-tartu-etti-video/

pixel