Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сара Амангелді: Өмір кітабымның бір парағын жыртып, лақтырып тастадым

Опубликовано:

Сара Амангелді
Фото: Instagram/amangeldieva_sara

Желіде басы дауға қалған отандық әнші Сара Амангелді парақшасында аса әсерлі жазба жариялады. Өнер иесі соңғы кезде орын алған жайттарға байланысты өміріне өзгеріс енгізгенін айтып, өзінен жақын арада жақсы жаңалықтар болатынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сара Амангелді аталмыш жазбасымен Instagram парақшасында бөліскен. Шоу-бизнес жұлдызы желіде жаудырылған жағымсыз пікірлердің өзіне айтарлықтай ауыр тигенін мойындады. Алайда, әнші ұзақ уақыт бойы түңірейіп жүре алмайтынын алға тартты.

"Жаңбырдан кейін міндетті түрде күн шығады. Алла адамды өлсін деп жаратпайды. Ұзақ уақыт түнеріп жүре алмайды екенмін. Қайтейін, жақсы адам боп тұрмын ғой, Алла сақтайды мені. Позитив толқынына өтейікші, жақында бір күшті жаңалық болады, шығармашылығымда. Парақшамда негатив тұрғанын қаламаймын, өмір кітабымның бір парағын жыртып, мыжып-мыжып лақтырып тастадым", - деп жазды өнер иесі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сара Амангелдінің сүйіктісімен түскен суреті желіде қызу талқыға алынды. Әсіресе, Сараның таңдауы түскен азаматтың бұрынғы жары Құралай Бияхмет бұл туралы әлеуметтік желіде бөлісіп, оларға бақыт тілеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1913447-sara-amangeldi-omir-kitabymnyn-bir-paragyn-zyrtyp-laqtyryp-tastadym/

pixel