Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Майысып қаламын": Актриса Жанель Мақажан сүйіктісіне қалай еркелейтінін айтты

Опубликовано:

Жанель Мақажан сүйіктісімен
Фото: Instagram/janellemakajan

Отандық танымал актриса Жанель Мақажан өзінің жеке өміріне қатысты бірқатар тың мәліметтермен бөлісті. Өнер иесі сүйіктісі екеуі бір-бірін қалай еркелететінін айтып берді. Оның сөзінше, ғашығының бір жылы сөзі оны қанаттандырып жібереді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сүйіктісін жолықтырып, бақыттан басы айналып жүрген актриса Instagram желісінде жеке өмірінде орын алып жатқан қызықтарымен бөлісті. Жанель Мақажан ғашығы екеуі бір-біріне үнемі жылы сөздер айтып, еркелетіп тұратындарын жасырмады. Әртістің сүйіктісі тіпті өзін атымен атағанда Жанельге арасында ренжіп қалатын болып шықты.

"Жақсы сөз-садақа". Адамның көңіліне медеу боп, жанын жадыратып,бір ауыз сөз неткен құдыретті! Жаныңа жақын жаныңның мейірімге толы сөздеріне еркелеп,оның қабағынан жылулықтың лебін сезген қандай бақыт! Оның бір ғана сөзінен қанаттанып,бар әлемге ғашықтың күйін кешесің. Адам сауапты бір ғана сөзден алатынын білесіз бе? Иә. Сүйген адамыңыз жүзіңізге күлімдеп қарап, бір жылу сөзді аямаған болса,ол да сауапты іс. Тіпті,өзің түгіл өзгеге ізгі ниет пен мейірім сөздерін жолдаған болсаңыз,ол сіздің де, екінші адамның да көңілін жадырататыны анық.
Абай еркелеткенде,қалай майысып қалатынымды өзім байқамайды екенмін. Оның әрбір еркелетіп сөйлегені,мені қалай қанаттандыратынын білсеңіз ғой. Ал,менің оны қалай атайтынымды білгіңіз келсе: “Жүрегім”, “Тірегім”, “Әлемім”, “Бабай” (бұл сөз,бірнәрсе ұнамай қалса шығады) Ал егерде атын атасам,көздері шаранасынан шығып кетердей, бірдеңе болып қалды ма деген сыңай білдіре, “Неге Абай?”-дейді. Ең терең сөздердің бірі “Алламның берген сыйы!”, “Мен сені Аллаһ разылығы үшін сүйем!”- деген жылыыы сөздер,көзге тіпті жас келтіреді. Бір-біріңізді еркелетуден жалықпаңызшы! Араны суытып алмау өз қолыңызда", - деп жазды актриса.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1913451-maiysyp-qalamyn-aktrisa-zanel-maqazan-suiiktisine-qalai-erkeleitinin-aitty/

pixel