Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызымен суретке түскен Қайрат Нұртас елді сүйсіндірді (фото)

Опубликовано:

Қайрат Нұртас қызымен
Фото: Instagram/kair_n

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас желіде кіші қызы Алаумен түскен суретін жариялап, елдің ыстық ықыласына бөленді. Әкесі мен қызының фотосына қалың көпшілік тәнті болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртас қызымен бірге түскен суретімен Instagram парақшасында бөліскен. Фотода жұлдызды әкенің перзентін қатты құшақтап тұрғанын көруге болады.

Оған қоса, өнер иесі арнайы жазба қалдырып, қызына деген тілегін жеткізген.

"Апасының сұлу қызы, жеңісің жемісті болсын! Алар асуың мен жетер жетістігің көп болсын ботам. Мақтанышымыз бол", - деп жазған әнші.

Бұл суретке хитменнің анасы, белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова да пікір білдірген.

"Алауым қолымдағы жалауым! Апасының бриллиант қызы", - деп жазған ол.

Желі қолданушылары да әкесі мен қызының ерекше суретіне тәнті болып, өз жылы лебіздерін білдірген.

"МашаАлла, көз тимесін. Балалар бой жетті деген осы. Кеше ғана кішкентай болып жүрген қыз бүгінде сұлу аруға айналған", "Қандай керемет көрініс. Әке мен бала. Шынайы әрі шексіз махаббат", "Қызыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіз", "Жолы ашық болсын", "Мына суретте екеуі бір-бірін қатты сағынып қалғандай кейіпте", "Құтты болсын. Алаудың алар жеңістері әлі көп болсын", - деп жазуда қалың көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1913470-qyzymen-suretke-tusken-qairat-nurtas-eldi-suisindirdi-foto/

pixel