Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Жәния Джуринская жолдасымен кезекті демалысқа аттанды (видео)

Опубликовано:

Жәния Джуринская күйеуімен
Фото: Instagram/khizmetov

Қазақстандық актриса Жәния Джуринская күйеуімен бірге Мысырға демалысқа кетті. Жас жұбайлармен қатар шетелге олардың жұлдызды достары Нами Қулымбетова мен Нұрлан Батыров та барған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жәния Джуринская Мысырдағы демалысы қалай өтіп жатқанын Instagram желісінде қалың көпшілікке көрсетті. Өнер иесі жеке парақшасында ыстық мекендегі суреттері мен видеоларын бөлісті.

"Өзіме өзім қызығамын. Коктейль ішіп, демалып, күнге күйіп жатырмын. Қасымда сүйікті азаматым, теңіз және жағажай", - деді ол.

Желі қолданушылары жолдасымен шетелге жиі ұшатын болған актриса үшін қуанып, ерлі-зайыптыларға жақсы демалыс тіледі. Оған қоса, көпшілік жұлдызды жұптың аман-есен елге оралуын жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1913517-aktrisa-zaniya-dzurinskaya-zoldasymen-kezekti-demalysqa-attandy-video/

pixel