Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Карантин қайда": Азиялық Нұрсұлтан Батырқұлов шаңырақ көтерді (видео)

Опубликовано:

Нұрсұлтан Батырқұлов жарымен
Фото: Instagram/nursultanbatyrkulov_

"Азия" тобының әншісі Нұрсұлтан Батырқұлов ресми түрде бойдақтар тізімінен шықты. Өнер иесі өмірлік жарын тауып, отбасын құрды. Шоу-бизнес жұлдызы карантин кезінде сүйіктісін ұзатып алып, үйіне келін ретінде түсірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрсұлтан Батырқұлов өзінің үйленгенін Instagram парақшасында ресми түрде растады. Әнші тойынан сурет жариялап, қалың көпшілікке келіншегін көрсетті.

Алайда, өнер иесі жүрегін жаулап алған ару туралы ақпаратпен әзірге бөліскен жоқ.

Желіде той кезінде түсірілген видео тарап кетіп, бірден қызу талқыға түскен. Бейнежазбада Нұрсұлтанның ұл жолдаспен бірге гүл шоқтарын ұстап, тойхана төріне кіріп келгенін көруге болады.

Желі қолданушылары эстрада жұлдызының отау құрғанына қатысты екі түрлі пікір білдірді. Бірі екі жасты құттықтап, оларға бақыт тілеп жатты. Енді бірі карантинде той жасаған әртісті аяусыз сынап тастады.

"Құтты болсын. Бақытты болыңдар", "Нұрсұлтан ақыры жүріп, найманнан қыз алдың ба", "Мықты елдің қызын алыпсың. Бақытты болыңдар. Махаббаттарың баянды болсын", "Азия" тобының ең кенжесі де үйленді-ау әйтеу. Бақытты бол бауырым", "Карантин деген қайда сонда? Бұл шектеулерді ұстанатын адамдар бар ма өзі", "Той тойлауға рұқсат беріліп қойды ма не? Карантинде тыйым салынып еді ғой", "Каратиндік шектеулер не үшін сонда", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1913543-karantin-qaida-aziyalyq-nursultan-batyrqulov-sanyraq-koterdi-video/

pixel