Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ең көңілді түсірілім тобы": Фархад Абдраимовтың өмірінің соңғы күні қалай өтті (фото)

Опубликовано:

Фархат Абдраимов
Фархат Абдраимов. Фото: instagram.com/fara_actor

Қазақстандық атақты актер Фархат Абдраимов 55 жасында мезгілсіз дүниеден өтті. Оның Грузия астанасында өткізген соңғы күндерін назарларыңызға ұсынамыз.

Актер соңғы күндері әлеуметтік желідегі парақшасын белсенді жүргізіп, түсірілім жұмыстарын көрсеткен.

Атап айтқанда, көз жұмарынан бірнеше сағат бұрын Фархат Абдраимов әріптестерімен Тбилисидің ең биік нүктесінде болып, суреттер мен видеоларды жария еткен.

"Киноны түсіру үшін бір камера мен төрт қолы бос адам жеткілікті. Мен бесіншімін", - деп әзілдейді соңғы жүктеген видеосында Фархат.

"Ең көңілді түсірілім тобы", - деді актер қасында болған адамдарды суреттеп.

"Керемет актрисалар Оля Думнова мен Нати Титилашвилимен бірге "Больше чем любовь" фильмінің түсірілім алаңындамыз", - деді ол желіде жаряилаған суретінің анықтамасына.

"Тбилисидің әдемі түні! Бұл қала өзінің сұлулығымен, жайлылығымен және қонақжайлылығымен таң қалдырады!" - деп жазды Фархат Грузия астанасы жайлы.

Сонымен қатар, бір апта бұрын Абдраимов жаңа жобаны бастаған еді. Ол фильмнің атауы "Братья" болатын.

Фархат Абдраимов
Фархат Абдраимов. Фото: instagram.com/fara_actor

Фархат Абдраимов
Фархат Абдраимов. Фото: instagram.com/fara_actor

Айта кетейік, Фархат Абдраимов 1966 жылы 21 қаңтарда оңтүстік астанада өмірге келген. Ол Алматы технологиялық университетін бітірген.

Оның кинодағы дебюті 1996 жылы "Кімнің жаны нәзік болса" атты Қазақстан мен Ресей бірлесіп түсірген фильмдегі рөлі еді.

Ол "Шанхай", "Ақсуат", "Омпа", "Махаббат тәлкегі", "Сиқыршы демеуші", "Жел адам", "Француз құрбақасынан әзірленген борщ", "Шекара", "Жан жүрегім - Астана", "Параллель әлем", "Гейзер", "Үш лимон", "Батыр", "Ең сұлу" сынды фильмдерге түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1913597-en-konildi-tusirilim-toby-farxad-abdraimovtyn-omirinin-songy-kuni-qalai-otti-foto/

pixel