Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отауы жараспады": Лидия Каденова ұлының ажырасу себебі туралы шындықты айтты

Опубликовано:

Лидия Каденова ұлымен
Фото: Instagram/didarkadenkz

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, атақты актриса Лидия Кәденова ұлының сәтсіз некесіне қатысты пікір білдіріп, бірінші әйелімен ажырасу себебін түсіндірді. Өнер иесі бүгінде жалғыз баласының екінші мәрте отау құрғанын қалайды. Ол тіпті перзентінің қазіргі сүйіктісімен танысып та үлгерген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Лидия Каденова ұлының жеке өміріне қатысты жан сырын "Еуразия" бірінші арнасындағы "Ең алғашқы" бағдарламасында ақтарды.

Актриса баласының алдағы уақытта екінші мәрте шаңырақ көтеріп, бақытты болғанын қалайтынын айтты.

"Бірінші келініммен ұлымның отауы жараспады, амал не?! Адам болғаннан кейін өмір жалғасады. Қазір Дидардың сөйлесіп жүрген қызы бар екенін білемін. Мен ол қызды көрдім де. Қазақтың қарапайым қызы екен. Ол да өнер жолында жүр. Бірақ келін ретінде әлі анықтап танысқан жоқпын!", - дейді ол. 

Сүйген жары қайтыс болған соң ешкімнен пана іздеп, көмек сұрамаған актрисаның жалғыз ұлын бір өзі өсіргендігі баршаға аян.

Бала күнінен сахна сыртында, анасының жұмысы мен мектептің ортасында жүруге мәжбүр болған ұлы өзінің балалық шағын былай еске алды:

"Мені анам жалғыз өсірді. Сабақ біткенде анам келіп алып кетеді де, бірге жұмысқа барамыз. Мен театрда сахна сыртында оны күтіп жүремін сандалып. Бала күнімде есімде қалғаны – үйдің қасындағы дүкеннен азық-түлікті қарызға жаздырып жейтінбіз. Қанша қиналса да, маған жоқ дегенді сездірмеуге тырысатын. Әлемде еркеліктің қандай түрі болса, мен соның барлығын көрген бақытты баламын. Бірақ өсе келе мен анамды көп ренжіттім. Алдағы уақытта бұл қателіктерімнің орнын толтыруға күш саламын", - деді Дидар Каден.

Актрисаның жалғыз ұлы өнер жолында болғанымен, көп әндері жарыққа шықпай жүр екен. Оған басты себеп қаржының тапшылығы екенін де айтты.

Ал қазақ жұртына аты мәлім өнер иесінің келер күннен күтетін үміті үлкен. Ол баласының бақытын тілеп, немересінің азамат болып өскенін көруді арамандайды.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1913642-otauy-zaraspady-lidiya-kadenova-ulynyn-azyrasu-sebebi-turaly-syndyqty-aitty/

pixel