RU

Белгілі актер Фархат Абдраимовтың неден көз жұмғаны белгілі болды

Фото
Фото: Фархад Абдраимовтың жеке парақшасы

Қазақстандық атақты актер Фархат Абдраимов 55 жасында дүниеден өтті. Марқұмның неден көз жұмғаны белгілі болды деп жазады Sputnik Қазақстан.

Басылым дерегінше, мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі актер әрі продюсердің Грузияда "Больше, чем любовь" фильмінің түсірілімі кезінде қайтыс болғанын жеткізген.

Ал Фархат Абдраимовтың жақындары актердің қазасына инфаркт себеп болғанын хабарлады. Олардың сөзінше, марқұмды ақтық сапарға шығаратын күні мен орны қосымша айтылады.

Айта кетейік, Фархат Абдраимов 1966 жылы 21 қаңтарда оңтүстік астанада өмірге келген. Ол Алматы технологиялық университетін бітірген.

Оның кинодағы дебюті 1996 жылы "Кімнің жаны нәзік болса" атты Қазақстан мен Ресей бірлесіп түсірген фильмдегі рөлі еді.

Ол "Шанхай", "Ақсуат", "Омпа", "Махаббат тәлкегі", "Сиқыршы демеуші", "Жел адам", "Француз құрбақасынан әзірленген борщ", "Шекара", "Жан жүрегім - Астана", "Параллель әлем", "Гейзер", "Үш лимон", "Батыр", "Ең сұлу" сынды фильмдерге түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1913686-belgili-akter-farxat-abdraimovtyn-neden-koz-zumgany-belgili-boldy/