Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аяғына тұрып, өзіне келсін дедім": Жанар Айжанова қызының босанғанын неге жасырып қалған

Опубликовано:

Жанар Айжанова қызымен
Фото: Instagram/zhanar_aizhanova

Жақында ғана немерелі болып, бақыттан басы айналып жүрген шоу-бизнес жұлдызы Жанар Айжанова қызының ана атануына қатысты алғаш рет пікір білдірді. Өнер иесі немересі дүниеге келгенін біраз уақыт бойы жасырып келіп, бірер күн бұрын ғана көпшілікке жария етті. Әртістің сөзінше, оның бұл қадамға баруына бірқатар жағдайлар себеп болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жанар Айжанова қызының балалы болуына қатысты әсерлі жазбасын Instagram парақшасында жариялады. Актриса онда немересі жайлы тың мәліметтермен бөліскен. Оған қоса, өнер иесі әже атанғанын жасырып, не себепті халықпен байланысқа шықпай кеткенін де түсіндірді.

"Ораза айының соңғы жұмасында таңғы тоғызда Айжұлдызым аман-есен босанып, қолыма Назарымды ұстап, бақыттан басым айнылды. Содан бері үндемей жатқаным, қызым аяғынан тұрып өзіне келсін деп едім. Мен инстаға көп шықпай қалсам, ренжімеңіздер. Немеремнің иісіне басым айналып, дүниенің бәрін ұмытып жатырмын. Күнде шомылдырам. Аяқ-қолын керіп жаттығу жасаймын. Бесігіне бөлеймін. Қалай таң атып, қалай батқанын да сезбей қалам. Арасында Айжұлдыздың қалжасын беріп сорпалатамын. 
Ұсталарға тапсырып, үйден кәрі жілікті апарып беріп, немереме шүмек жасатып алдым. Жөргегін шешкен сайын көтенін иіскеп рахаттанамын. Әлдиімді айтып әндетсем жылағанын қойып тыңдайды. Осы күнді қалай күттім десеңші. Осы балаға ешнәрсе болмай аман-сау туса екен деп қасынан 9 ай қалмай еріп жүрдім. Әжемнен көрген әжелердің мектебін біртіндеп есіме түсіріп жатырмын. Қазақ ертегілерін сатып алып қойдым. Кішкене қатайса оқып беремін ғой. Ал ақ жаулықты әжелер, мені де қатарларыңызға қосыңыздар. Қош келдің, ботақаным. Жүрегім, тәттім - Назар немерем", - деп жазды Айжанова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1914049-ayagyna-turyp-ozine-kelsin-dedim-zanar-aizanova-qyzynyn-bosanganyn-nege-zasyryp-qalgan/