RU

"Тәтті балапан": Дұғалованың кішкентай кезіндегі суреті елді тәнті етті (фото)

Жанар Дұғалова
Фото: Instagram/zhanar_dugalova

Қазақстандық танымал әнші Жанар Дұғалова желіде алғашқы қатысқан ән байқауынан суреті жариялап, қалың көпшілікті сүйсіндірді. Өнер иесінің жанкүйерлері оның кішкентай кезіндегі түрін көріп, тәнті болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Эстрада жұлдызы бірден елдің ыстық ықыласына ие болған фотосымен Instagram парақшасында бөліскен. Онда кішкентай Жанардың микрофон алдында әндетіп тұрғанын көруге болады.

Фото астындағы жазбаға сәйкес, ол әнші арудың ең алғашқы ән байқауы кезінде жасалған болып шықты.

Желі қолданушылары өзінің кішкентай кезін көрсеткен әншіге тәнті болып, аталмыш суретке қатысты өз пікірлерімен бөлісті.

"Сұлу қыз, еш өзгермеген", "Әлі де осындай сүйкімдісіз", "Тәтті балапан", "Түк өзгермеген, әлі осы қалпыңдасың. Сүйкімді әрі сұлу", "Кішкентай әдемі қыз", "Қателеспесем, бұл Павлодардағы байқау ғой?", "Маска шоуындағы аққу сіз ғой?", "Көрікті бүлдіршін болыпсың. Қазір көпшілікке үлгі болар ару атандың", - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1914099-tatti-balapan-kiskentai-kezindegi-suretimen-bolisken-dugalova-eldi-tanti-etti-foto/