Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақтың қайсар қызы": Ерекше образдағы Түсіпбаева елдің ыстық ықыласына бөленді (фото)

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева желіде ұлттық образдағы жаңа суреттерімен бөлісіп, қалың көпшілікті тамсандырды. Өнер иесінің жанкүйерлері оның мұндай кейпіне тәнті болып, өз таңданысын жасыра алмаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева Instagram парақшасында ел назарына ерекше образдағы фотоларын ұсынып, көпшіліктің жылы лебізіне ие болды. Желі қолданушылары әншінің ұлттық кейпіне риза болып, түрлі пікірлер қалдырған.

Аталмыш суреттердің бірінде эстрада жұлдызы табиғат аясында отырса, екіншісінде аттың үстінде тұрғанын көруге болады.

Желі қолданушылары шоу-бизнес өкілінің қазақи образына тәнті болып, оған қатысты өз ойларын жарыса жазды. Олардың басым көпшілігі өнер иесіне деген мақтау сөздерін жаудырды.

"Осы образ ерекше жарасып тұр. Өте нәзік екен", "Сіздей батыл қызды мына образ өте сезімтал әрі нәзік етіп көрсетіп тұр", "Қандай сұлусыз. Қазақтың қайсар қызы", "Меруерт жарайсыз, сізді әркез мақтан тұтамын", "Өте әдемі фото", "Керемет көрініс. Қазақстанның әсем табиғаты мен батыл қызы", "Сізді әрқашан мақтан тұтамыз", - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1914172-qazaqtyn-qaisar-qyzy-erekse-obrazdagy-tusipbaeva-eldin-ystyq-yqylasyna-bolendi-foto/

pixel