RU

Димаш Құдайберген Индонезия елшісінен ерекше сый алды (фото)

Димаш Құдайберген мен Индонезия елшісі
Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

Күллі елді ғажайып даусымен таңдай қақтырып жүрген әнші Димаш Құдайберген Қазақстандағы Индонезия Республикасы елшісінің құрметті қонағы болып қайтты. Елші мырза тума талантқа индонезиялық тыңдармандарының ыстық ықыласын жолдап, оған ерекше сый тарту етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаш Құдайберген Индонезия елшісімен кездесуі қалай өткені жайлы өзінің Instagram парақшасында баяндады. Қос тарап екі ел арасындағы мәдени байланыс жайында талқылап, пікір алмасқан.

Кездесу соңында елші мырза қазақстандық жұлдызға индонезиялық жанкүйерлерінің ерекше сәлемдемесін жолдаған.

"Қазақстан және Тәжікстан елдеріндегі Индонезия Республикасының елшісі мәртебелі Рахмат Прамоно мырзаның қонағы болып қайттық. Екі ел арасындағы мәдени байланыс жөнінде пікір алмасып, жақсы әңгіме өрбіді. Сонымен қатар кездесуге мәдени-әлеуметтік және ақпараттық сала бойынша елшіліктің бірінші хатшысы Росдиана Муртинингсих қатысты. Өз кезегінде елші мырза Индонезия еліндегі тыңдармандарымның ыстық ықыласы мен сәлемдемелерін жолдады. Құрметтеріңіз үшін көп рахмет, Индонезия", - деп жазды Димаш Құдайберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1914670-dimas-qudaibergen-indoneziya-elsisinen-erekse-syi-aldy-foto/