Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай Мысырда демалуда (фото, видео)

Опубликовано:

Әли Оқапов
Әли Оқапов. Фото: Видеодан кадр

Қазақстандық шоу-бизнестегі жарасымды жұлдызды жұптардың бірі Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай Мысыр еліне демалуға кетті. Карантин кезінде отау құрған әртістер коронавирусқа қарамастан ыстық мекенге аттануды шешкен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерлі-зайыптылар шетел асып кеткендерін өздерінің Instagram парақшалары арқылы хабарлады. Қос ғашық ғажайыпқа толы Мысыр еліне жол тартқан.

Бүгінде жас жұбайлар желіде барынша белсенділік танытып, демалыстары қалай өтіп жатқанын көрсетуде. Олар жанкүйерлерінің назарына ыстық мекенде түсірілген фото мен видеолармен бөлісіп жатыр.

Алайда, бұл демалысқа жұлдыздар екеуі ғана емес, туысқандарымен бірге барған көрінеді. Ақерке Бүркітбай жариялаған бейнежазбалардан шетелге онымен бірге анасы мен сіңлілері де ұшып келгенін байқауға болады.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптылар үшін қатты қуанып, оларға жақсы демалыс тіледі. Ал кейбір оқырмандар оларды карантин кезінде Мысырға барғаны үшін сынға алып үлгерді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1914709-ali-oqapov-pen-aqerke-burkitbai-mysyrda-demaluda-foto-video/

pixel