Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Миллиард доллар тұрады": Сая Оразғалиева тегін ауыстыратынын мәлімдеді

Опубликовано:

Сая Оразғалиева
Фото: Instagram/saya_orazgaliyeva

Қазақстандық актриса Сая Оразғалиева тұрмысқа шыққан соң міндетті түрде тегін ауыстыратынын айтты. Өнер иесі барлық құжаттарын жаңа тегіне көшіру үшін қыруар қаржы кететініне қынжылды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сая Оразғалиева сүйіктісі Ілияс Иминовтың тегін алатынын өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

"Болды, құжаттарды ауыстырамыз. Енді менің тегім басқа болады. Қырғын құжатты ауыстыру үшін қыруар қаржы кетеді. Миллиард доллар тұрады мұның бәрі. Жеке куәлік, паспорт, жүргізуші куәлігі, техпаспорт, ЖК, барлық келісімшарттар, банк карталары, бәрін ауыстыру керек", - деді актриса.

Айта кету керек, жұлдыздар арасында текті ауыстыру үрдісі аса кең таралмаған. Себебі, әртістердің аты өз алдына бренд болған соң, олар бұл қадамға көп бара бермейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1915475-milliard-dollar-turady-saya-orazgalieva-tegin-auystyratynyn-malimdedi/