Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұлдыз Әбдікәрімова анасын туған күнімен ерекше құттықтады (фото, видео)

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова анасымен
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Отандық танымал актриса әрі тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова анасын туған күнімен құттықтап, оған естен кетпес тосын сый жасады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram желісінде анасына аса әсерлі жазба арнап, оған өз ақ тілегін жеткізді.

"Әлемнің асылын сыйлар ем өзіңе. Жүрегіңіздің тыныш, бақытыңыздың баянды, деніңіздің сау, дұғаңыздың қабыл болуын тілеймін. Асылым, алтыным, баға жетпесім. 33 жасында мені өмірге әкелген анам бүгін 66-ға толды, шүкір", - деп жазды Жұлдыз.

Оған қоса, актриса қалың көпшілікке анасын туған күнімен қалай құттықтағанын да көрсетті. Ол жеке парақшасында өзіне өмір сыйлаған жанға ерекше тосын сый жасаған сәтімен бөлісті.

Желі қолданушылары өнер иесінің анасын жарыса құттықтап, оған өзінің ізгі тілектерін жаудырды.

"Жаңа жасы құтты болсын. Анаңыз өте жас көрінеді екен", "Бақытты болыңыз. Жұлдыздай қызыңыз бар сізде арман жоқ", "Деніңіз сау болсын. Бала-шағаңыздың қызығына осылай тоймай жүре беріңіз", "66-ға келеді деп айту қиын екен. Өте жас көрінесіз", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1915558-zuldyz-abdikarimova-anasyn-tugan-kunimen-erekse-quttyqtady-foto-video/

pixel