RU

Демалысын балаларымен бірге өткізген Айдарқұлов елді тәнті етті (фото)

Дәурен Айдарқұлов ата-анасы мен балаларымен
Фото: Instagram/daurenaidarkulov

Отандық танымал актер Дәурен Айдарқұлов желіде балалары мен ата-анасымен бірге түскен суретін жариялап, елді сүйсіндірді. Өнер иесі демалысын бала-шағасымен бірге өткізген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дәурен Айдарқұлов ата-анасы мен балаларымен бірге түскен фотосымен Instagram парақшасында бөліскен. Суретте актердің барлық перзенті бой көрсеткенін байқауға болады.

Кино және КВН жұлдызы бір демалыста барлық балаларының басын қосуды жөн көрсе керек.

Аталмыш отбасылық сурет бірден желідегілерді тәнті етіп, көпшіліктің жылы лебіздеріне ие болды. Актердің оқырмандары оның барлық перзенттерін бір үйде жинағанына аса қатты қуанған.

"Керемет фото. Осы жылдың үздік фотосы десек те болатын шығар", "Қандай жылы сурет. Дәурен бақытты болыңыз. Балаларыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіз", "Ұлдарыңыз өзара қатты ұқсайды екен", "Балалар мәз, осындай бақытты күндеріңіз көп болған. Сіз де бақытты болуға лайықтысыз", "Бақытты балалық шақ тілеймін. Екі әйеліңіздің біреуіне қосылсаңыз, жалғастырсаңыз ұрпағыңызды жақсы болушы еді. Әр анадан болған соң балалар қатты бауырмал болуы бірталай және әке мейрімін толыққанды көрмегені қиын", "Алтыншы перзенттің анасы кім болар екен", - деп жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1915560-demalysyn-balalarymen-birge-otkizgen-aidarqulov-eldi-tanti-etti-foto/