Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айгүл Қосанова: Тұңғышымның өліміне өзімді кінәлаймын

Опубликовано:

Айгүл Қосанова
Айгүл Қосанова. Фото: Видеодан кадр

Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова "Еуразия" бірінші арнасындағы "Ең алғашқы" бағдарламасында қонақта болып, отбасындағы ешкім білмейтін сырларымен бөлісті. Өнер иесі тұла бойы тұңғышынан айырылып қалған кезін есіне алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өмірлік серігі өзінен бір мүшелге үлкен екенін айтқан өнер иесі махаббатың жасқа қарамайтынына сенімді. Үш бала тәрбиелеп, айрандай ұйып отырған бұл отбасында еш қайғы болмағандай көрінуі мүмкін. Алайда, бұл жанұяның да қара жамылған күндері болған.

Қосанованың тұңғыш баласы бір жасқа толғанда көз жұмған. Әнші перзентінің өліміне әлі күнге дейін өзін кінәлайтынын айтты.

"Тұңғыш ұлым Әлібек 1 жасқа келгенде қуаныштан ұлан-асыр той бердік. Тойдан кейінгі үш-төрт күнде баламыз комаға түсіп қалды. Жансақтау бөлімінен бір-ақ шықтық. Баламыз жансақтау бөлімінде жатты. Сол кездердегі әр минут, әр секунд біз үшін азапты болды. Сол екі аптада жолдасымның шашы ағарып кетті. Ең қиыны бұл өлімге мен өзімді кінәлаймын. Үлкен қателігім 25-ші қарашада анамның туған күні еді. Менің босанатын уақытым да таяп қалған болатын. Бірақ мен анама сыйлық жасағым келгендіктен дәрігерлердің көмегімен мерзімінен бұрын босандым. Алланың қалауымен дүниеге келетін күнін өзгертіп, пендешілік қателік жасадым. Мен асығып дүниеге әкелген балам өмірден асығып өтіп кетті", - деді Айгүл Қосанова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1915811-aigul-qosanova-tungysymnyn-olimine-ozimdi-kinalaimyn/

pixel