Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұлдызың қайда": Стилін өзгерткен Қайрат Нұртас желіде қызу талқыға қалды (фото)

Жарияланған күні:

Қайрат Нұртас
Фото: Instagram/kair_n

Отандық танымал әнші Қайрат Нұртас желіде жаңа суретімен бөлісіп, ел арасында қызу пікірталас тудырды. Өнер иесінің жаңа стилін байқаған жанкүйерлері оған қайтадан отбасы туралы сұрақтарды жаудырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртас әрқашан өз жанкүйерлерінің жіті назарында жүреді. Әншінің желідегі оқырмандары жаңа фотоға қарап, оның стилінің жақсы жаққа қарай өзгергенін атап өтті.

"Жеңісті күндерде жолыққанша", - деп жазып қойды эстрада жұлдызы суреттің астына.

Өнер иесінің бұл үндеуі оқырмандарды ойландырып қойды. Кейбірі Қайраттың "Маска" шоуына қатысып жүргенін болжап, оның Арқар немесе Арыстан болуы мүмкін екенін жарыса жазды.

"Демек, сіз арқар немес арыстансыз ғой?", "Меніңше ол "Маска" шоуына қатысып жүр. Сол жобада жеңімпаз болады", "Біздің мақтанышымыз, Қазақстанның мақтанышы", "Жарайсың, сізді үлгі тұтамын", "Тек қана сәттілік", "Керемет стиль", "Сізге қайғырған жараспайды", - деп жазуда көпшілік.

Сонымен қатар, желі қолданушылары Қайрат Нұртасқа ажырасып кеткеніне қатысты сұрақтарды да жаудырды. Олар әншінің енесінің туған күнінде болмағанын байқап, бүгінде оның бойдақ өмірге көшкенін болжады.

"Бойдақ өмір қалай екен", "Бойдақ секілдісіз", "Отбасыңмен көрінбейсің. Ақыры жаырасып тындыңдар ма", "Неге жалғыз жүрсің? Жұлдызың қайда", "Енеңді неге құттықтамадың", "Жұлдыз балаларымен жалғыз жүр. Қайрат, сені қатты сыйлаймыз. Бірақ, балаларыңды ойлаңдар. Қосылғандарың дұрыс болады", - деп жазды олар,

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1915882-zuldyzyn-qaida-stilin-ozgertken-qairat-nurtas-zelide-qyzu-talqyga-qaldy-foto/