Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қорқамын": Ақбота Сейітмағамбет жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Ақбота Сейітмағамбет
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Жақында ғана жолдасымен ажырасып кеткен Ақбота Сейітмағамбет желідегі оқырмандарына барынша ашылып, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Өнер иесінің сөзінше, оның ішінде не болып жатқанын көпшілік түсінбейді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Сейітмағамбет жаңа қарым-қатынасты бастауға қатысты өз ойын ашық айтты. Өткен жылы актриса жолдасы Дәурен Айдарқұловпен ажырасып кеткен болатын. Қос жұлдыздың ортақ екі баласы бар.

Әртіс сәтсіз некесіне қарамастан, болашақта шынайы махаббатын кезіктіретінінен үмітті.

"Көп адам жалғыздықтан қорқады. Ал мен түсініксіз әрі мән-мағынасыз қарым-қатынастан қорқамын. Жан дүниеммен егіз жаралған сыңарымды Алла нәсіп етсе табармын уақытысы келгенде. Ал қазірге: Атты мен жаяудың сәлемі жараспас беген әңгіме болып тұр", - деп жазды әнші.
Ақбота Сейітмағамбеттің Stories-і
Ақбота Сейітмағамбеттің Stories-і. Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Сонымен қатар, желідегілер актрисаның көзі үнемі мұңға толы екенін айтып, оның себебін сұрады. Ақбота Сейітмағамбет бұл сауалға да жауап беріп, жанкүйерлеріне бәрін түсінідіріп беруге тырысты.

"Кейде сырт келбет, жүздегі күлкі шынайы бола бермейді. Айналаңдағы жақындарыңды алаңдатпай алдарқату үшін декүлімсірей салатын кезің болады. Алайда, көз жалған айтуды үйренбегенмүмкін жанарымда көп адамның түсінгісі келмей жүрген жайымның шындығы жатқан шығар. Ауызбен айтуға қиын дүниелерді көз ғана жеткізеді. Ал көздің тілін бәрі түсіне бермейдә", - деп жазды әнші.
Ақбота Сейітмағамбеттің Stories-і
Ақбота Сейітмағамбеттің Stories-і. Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1915916-qorqamyn-aqbota-seiitmagambet-zeke-omirine-qatysty-zan-syryn-aqtardy/

pixel